Дербес деректерді өңдеу туралы келісім

«Антиплагиат» АҚ
Бас директорының
2017 жылғы 30 маусымдағы № 18
бұйрығымен
расталған

Келісімшарт редакциясы
2017 жылғы 01 шілдеден бастап әрекет етеді

Дербес деректерді өңдеу туралы бұл Келісім (әрі қарай – Келісім) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес әзірленген.

Осы Келісімге қосылып және өзіңіздің дербес деректеріңізді бере отырып, https://users.antiplagiat.ru/ (әрі қарай – Сайт) мекенжайы бойынша Антиплагиат жүйесінің сайтында тіркеу нысаны өрістерін толтыру арқылы Пайдаланушы дербес деректерін келесі шарттарда Сайттың иесі болып табылатын оператордың – «Антиплагиат» АҚ (әрі қарай – Оператор) өңдеуіне өз келісімін білдіреді.

Пайдаланушы:
  • ол Сайтта көрсеткен, тек дербес дерек субъектісінің келісімімен өңдеуге болатын дербес деректердің барлығы тек өзіне тиесілі екенін растайды;
  • өзінің Келісімді толық көлемде мұқият оқығанын, Келісім мәтінінің мазмұны мен дербес деректерді өңдеу шарттары оған түсінікті екенін растайды және онымен келіседі;
  • ескертпелер мен шетеулерсіз дербес деректерді өңдеуге өз келісімін білдіреді. Тіркеу нысанындағы сәйкес өрісті таңбалау (құсбелгіні қою) және Сайтта деректерді жіберу үшін түймені басу (Е-mail арқылы тіркелу барысында "Дайын" немесе әлеуметтік желі аккаунтын қоса тіркеумен тіркелу барысында «Аккаунт құру») келісімді қабылдау сәті болып табылады;
  • келісім бере отырып, ол еркін, өз еркімен және өз мүддесіне сай әрекет ететінін растайды.

Пайдаланушыға осы Келісімнің шарттарын қабылдай отырып, өз қызығушылығын білдіреді және оның дербес деректерін өңдеу кез келген әрекетті немесе дербес деректерді жинауды, жазуды, жүйелендіруді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңарту, өзгерту), шығаруды, пайдалануды, жіберуді (тарату, ұсыну, қолжетімділік), дара биліктен айыруды, бұғаттауды, жоюды, құртуды қоса алғанда автоматтандырылған құралдарды қолданумен, не болмаса дербес деректері бар мұндай құралдарды қолданбай жасалған әрекеттер жиынтығын қамтитынын білдіретініне толық келісімін береді.

Дербес деректерді өңдеу мақсаттарға жету үшін жүзеге асырылады, соның ішінде:
  • Пайдаланушымен Пайдаланушы келісімін бекіту және оны орындау;
  • Пайдаланушының Антиплагиат жүйесімен өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету;
  • Пайдаланушының Антиплагиат жүйесін пайдалану нәтижелерін құру және беру, Пайдаланушылардың сұратуларына өзге де ақпараттарды ұсыну.

Сайттағы нысандарда өзі көрсеткен немесе ол Сайтқа жүктеп салған файлдарда қамтылған Пайдаланушының келесі дербес деректерін өңдеуге келісім беріледі: аты-жөні, телефоны, электрондық поштасы, Пайдаланушыға қатысты кез келген басқа ақпарат.

Дербес деректерді өңдеу барысында Оператор мына әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы: Пайдаланушының дербес деректерін жинау, жазу, жүйелендіру, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), шығару, пайдалану, жіберу (тарату, ұсыну, қолжетімділік), дара биліктен айыру, бұғаттау, жою, құрту.

Пайдаланушының дербес деректерін үшінші тұлғаларға беруді, Оператордың тапсыруы бойынша өз атынан дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыратын тұлғалардан басқалар, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайлардан басқа кезде жүзеге асырылмайды.

Келісім дербес деректерді ұсыну сәтінен бастап мерзімсіз әрекет етеді және Пайдаланушы оны «Дербес деректер туралы» №152-ФЗ Федералдық заңның 14-бабында анықталған деректерді көрсетумен Операторға келесі мекенжай бойынша жазбаша өтініш беру арқылы қайтарып ала алады: Ресей Федерациясы, 121205, Мәскеу қ., «Сколково» инновациялық орталығының аумағы, Үлкен бульвар, 42-үй, 1-құр «Антиплагиат» АҚ Бас директоры В.А. Фунтов атына.

Пайдаланушы дербес деректердің өңделуіне келісімді қайтарып алған жағдайда Оператор «Дербес деректер туралы» №152-ФЗ Федералды заңның 6-бабының 1-бөлімі 2-11 тармақтарында, 10-бабының 2-бөлімінде және 11-бабының 2-бөлімінде керсетілген негіздемелер бар болғанда, Пайдаланушының келісімінсіз дербес деректерді өңдеуді жалғастыруға құқылы.

Пайдаланушының дербес деректерді өңдеуге келісімі нақты, ақпараттандырылған және саналы болып табылады.

Осы Пайдаланушы Келісімі қарапайым жазбаша түрде бекітілгенмен барабар болып танылады.

Оператор осы Келісімге кез келген уақытта өзгерістер енгізуге құқылы.

Келісімнің қолданыстағы редакциясы келесі мекенжай бойынша бетте орналасқан: https://users.antiplagiat.ru/page/personaldata.

Оператор: «Антиплагиат» АҚ
121205, Мәскеу қ., «Сколково» инновациялық орталық аумағы, Үлкен бульвар, 42-үй, 1-құр.
НМТН 1057747076078
ССН/КПП 7705664677/770501001
Бас директоры: Фунтов В.А.

Жаңарту