Пайдаланушы келісімі

«Антиплагиат» АҚ
Бас директорының
2017 жылғы 10 мамырдағы № 07 бұйрығымен
расталған

Келісімшарт редакциясы
2017 жылғы 11 мамырдан бастап әрекет етеді

Әрі қарай «Лицензиар» деп аталатын, Жарғы негізінде әрекет ететін Бас директор В.А. Фунтов тұлғасындағы «Антиплагиат» Акционерлік қоғамы кез келген заңды/жеке тұлғамен, соның ішінде лицензиат болып табылатын және берілген Келісімшарт мәтіні бойынша «Лицензиат» деп аталатын жеке кәсіпкермен, Келісімшарттың барлық шарттарын қабылдаған жағдайда осы Келісімшартты жасасуға міндеттеледі:

Осы Келісімшарт мәтіні бойынша Тараптар келесі мағыналарды білдіретін терминдерді пайдаланады:

1) Бағдарлама — Лицензиаттың мәтіндік құжаттарын Интернет арқылы еркін қолжетімді болатын дереккөздерден алып пайдаланудың бар-жоғын, сондай-ақ Лицензиар сәйкес келісім жасасқан үшінші тұлғалардың деректер қорын тексеруге арналған «Антиплагиат» бағдарламалық құралы (соның ішінде ЭЕМ арналған «Антиплагиат-интернет» бағдарламасы – 02.04.2014 жылғы №2014615445 тіркеу куәлігі, ЭЕМ арналған «Антиплагиат» бағдарламасы – 02.10.2012 жылғы №2012660172 тіркеу туралы куәлігі).
Бағдарламаға ерекше құқық Лицензиарға тиесілі.
Ерекше құқықтарды беру (толық немесе ішінара) осы Келісімшарттың мәні болып табылмайды.
Бағдарламаның қасиеттері мен функционалының сипаттамасы, оны пайдалану бойынша басшылық Лицензиар сайтында https://docs.antiplagiat.ru/ru/html/private_user_guide.html мекенжайы бойынша Лицензиатқа қолжетімді.
2) Қарапайым (айрықшалығы жоқ) лицензия (Лицензия) – Лицензиаттың осы Келісімшарттың 1.3-тарм. көрсетілген аумақта Бағдарламаны осы Келісімшартқа сәйкес шектеулермен өзіндік тұтыну үшін пайдалануына айрықша емес құқығы.
3) Бағдарламаның интернет-нұсқасы – Лицензиардың жабдығында орналасқан Бағдарламаға интернет-браузер арқылы Лицензиат ЭЕМ-на Бағдарлама дистрибутивін орнатусыз Логин мен Құпиясөзді пайдаланумен қолжетімділікті ұсыну әдісі.
4) Тарифтер — Бағдарламаның функционалы мен https://users.antiplagiat.ru/tariffs мекенжайы бойынша орналасқан пайдаланушы категориясына тәуелді түрде анықталатын Бағдарламаны пайдалану құқығын ұсынуға төлемдер мөлшерлемесінің жүйесі.
5) Лицензиар сайты — Интернет желісінде https://www.antiplagiat.ru/ мекенжайы бойынша орналасқан сайт
6) Тіркеулік жазба — осы Келісімшарттың мақсаттарында Лицензиатты сәйкестендіру үшін қызмет ететін статистикалық, тіркеулік және өзге де ақпараттар жиынтығы. Тіркеулік жазбаға Лицензиатқа қатысты ақпарат, соның ішінде тіркелу барысында көрсетілген ақпарат Бағдарламамен жұмыс істеу баптаулары, Лицензиаттың Бағдарламаға енгізген деректері байланыстырылған.
7) Логин және Құпиясөз — Тіркелу барысында Лицензиат құрған, Бағдарламаға қолжетімділікке арналған таңбалар жиынтығы.
8) Тіркелу кезеңі — Лицензия төленген бір тәуліктен кем емес немесе Лицензиар арнайы шарттарда Бағдарлама пайдаланушысы ретінде Лицензиатты авторизациядан өткізген уақыт кезеңі. Тіркелу кезеңінің басталуы 2.6-тар. сәйкес Бағдарламаны пайдалануға Құқықтарды беру сәтіне сәйкес келеді.
9) Бағдарламаның шектеулі функционалы — лицензиат авторизациядан өтпей және/немесе төлемсіз пайдалана алатын Бағдарламаның (соның ішінде Бағдарламаның интернет-нұсқасының) функционалдық мүмкіндіктер құрамы. Бағдарламаның Шектеулі функционалының сипаттамасы https://users.antiplagiat.ru/tariffs мекенжайы бойынша орналасқан.

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Келісімшарт РФ Азаматтық Кодексінің 435, 437 баптарына сәйкес Лицензиардың өзе тұлғаларға Лицензияны беру құқығын сақтаумен (қарапайым (айрықша емес) лицензияны ұсыну) Бағдарламаның Интернет-нұсқасы түрінде Бағдарламны пайдалану құқығын ұсыну бойынша келісімшарттың маңызды шарттарын қамтитын лицензиат мекенжайына Лицензиардың жария офертасы (ұсынысы) болып табылады.
1.2. Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексінің 438-бабына сәйкес осы Келісімшарт шарттарын сөзсіз (толық және шарт сөзсіз) қабылдау Лицензиаттың Лицензиар сайтында тіркелуі болып саналады.
Құптама жасау сәтінен бастап Лицензиат осы Келісімшарт шарттарын (жария офертаны) қабылдаған болып саналады және Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексіне сәйкес осы Келісімшартқа (жария офертаға) сәйкес құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Бағдарламаны, егер Тараптардың келісімімен қарастырылмаған болса, Лицензиар сайтына тіркелусіз пайдалануға жол берілмейді.
Егер Лицензиат осы Келісімшарттың шарттарымен келіспейтін болса, ол Лицензиар сайтында тіркелу, сондай-ақ Бағдарламаны пайдалану бойынша әркеттерді жасамау керек.
1.3. Құқықтарды ұсыну аймағы – әлемнің барлық елдері.
1.4. Осы Келісімшарт Интернет ауқымды желісінің көпшілікке қолжетімді парақшасында https://users.antiplagiat.ru/page/termsмекенжайы бойынша ұсынылған.
1.5. Лицензиар сайтында тіркелу не болмаса Бағдарламаны пайдалану арқылы Лицензиат Келісімшарт (жария оферта) шарттарының барлығы оған түсінікті екенін растайды және оған кепілдік береді, барлық шарттарды сөзсіз және толық көлемде қабылдайды.
1.6. Осы Келісімшартты жасай отырып, Лицензиат, Интернет ауқымды желісінде https://users.antiplagiat.ru/page/personaldata мекенжайы бойынша көпшілікке қолжетімді парақшада ұсынылған дербес деректерді өңдеу туралы Келісімге сәйкес дербес деректерді өңдеуге өз келісімін береді.

2. Келісімшарттың мәні

2.1. Осы Келісімшарттың шарттарына сәйкес Лицензиар Лицензиатқа веб-интерфейс көмегімен интернет желісі арқылы Лицензиардың жабдығына қолжетімділікті ұсынумен Бағдарламаның Интернет-нұсқасына қарапайым (айрықша емес) лицензияны (әрі қарай «Лицензия») ұсынады, ал Лицензиат егер Лицензия үшін мұндай төлем Келісімшартта қарастырылған болса, ұсынылған Лицензия үшін төлеуге және осы Келісімшарттың шарттарын орындауға міндеттеледі.
2.2. Осы Келісімшартқа сәйкес Лицензиатқа ұсынылатын Бағдарламаны пайдалануға берілетін құқық, Бағдарламаны келесі тәсілдермен пайдалануды қамтиды: Бағдарламаға қолжетімділікке ие болу және осы Келісімшарттың шарттарына сәйкес Бағдарламаны іске қосу (мақсатты тағайындалуы бойынша қолдану). Лицензиаттың Бағдарламаны басқалай пайдалануына жол берілмейді. Егер Тараптардың келісімімен басқаша жағдай анықталмаған болса, Лицензиар Лицензиаттың Бағдарламамен жасаған, Бағдарламаға қолжетімділікпен тең болатын өзге әрекеттерін осы Келісімшартты бұзу ретінде бағалауы мүмкін.
2.3. Лицензиаттың Бағдарламаны пайдалану, соның ішінде осы Келісімшарттың 2.2-тар. бекітілген әдістермен пайдалану құқығын үшінші тұлғаларға ұсынуына жол берілмейді.
2.4. Осы арқылы Лицензиар Лицензиатқа Бағдарламаны пайдалану құқығын беру сәтінде оның кепілге, тұтқынға алынбағанын, үшінші тұлғалармен дауласу құралы болып табылмайтынын растайды.
2.5. Осы Келісімшарт бойынша Бағдарламаны пайдалануға ұсынылатын құқықтар үшін Лицензиат Лицензиарға осы Келісімшартта көрсетілгеннен басқа жағдайларда, көлемі мен төлеу тәртібі Тарифтерге сәйкес анықталатын сыйақыны төлейді.
2.6. Бағдарламаны Бағдарламаның Шектеулі функционалы көлемінде пайдалану құқығы (Бағдарламаның Шектеулі функционалына лицензия) осы жария оферта құпталған күннен бастап ұсынылған болып саналады. Бағдарламаны ақылы Тарифтер көлемінде не болмаса авторизациядан өтуді қажет ететін Тарифтерді пайдалану құқығы, Лицензиат Бағдарламаны пайдалану жөніндегі басшылыққа сәйкес орындайтын, Лицензиат таңдаған Тарифті белсендіру сәтінен бастап ұсынылған болып саналады. Бағдарламаны арнайы шарттарда пайдалану құқығы Лицензиатқа 3.9-тар. сәйкес арнайы шарттарда Бағдарлама пайдаланушысы ретінде авторизацияан өткен сәттен бастап Тіркеулік кезең мерзіміне ұсынылады.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Бағдарламаны пайдалану

3.1 Лицензиардың құқықтары:
3.1.1. Лицензиаттан осы Келісімшарттың шарттарын сақтау туралы ақпаратты және (немесе) осы Келісімшартты орындау үшін қажетті ақпаратты және оған қосымша келісімдерді алу;
3.1.2. осы Келісімшарттың шарттарына сәйкес сыйақы алу;
3.1.3. Бағдарламаға өзгерістер енгізу, соның ішінде Лицензиатты алдын-ала хабарландырусыз Бағдарламаның жаңа нұсқасын жариялау;
3.1.4. бір жақты тәртіппен Келісімшартты жою және (немесе) Лицензиат Ресей Федерациясының заңын және (немесе) осы Келісімшарттың шарттарын бұзған жағдайларда, оның Бағдарламаға қолжетімділігін бұғаттау, сондай-ақ осы Келісімшарттың шарттарын бұзатын кез келген лицензиаттардан, веб-сайттардан және бағдарламалардан келетін сұратуларға қызмет көрсетпеу;
3.1.5. Жүзеге асырылуы үшін Бағдарламаға қолжетімділік уақытша тоқтатылатын жабдыққа және/немесе Бағдарламаға қызмет көрсету бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу;
3.1.6. осы Келісімшарттың 3.2.3-тар. көрсетілген кезең аяқталған бойда не болмаса Лицензиат осы Келісімшарттың шарттарын бұзған жағдайда Лицензиаттан сұрату алған кезде Лицензиаттың тіркеу жазбасын және барлық деректерін жою..
3.1.7. Лицензиат туралы мәліметтерді (соның ішінде IP мекенжайды, браузер нұсқасын, операциялық жүйе нұсқасын және басқаларды), сондай-ақ Лицензиат Бағдарламаның пайдаланылу статистикасын құру, Лицензиаттың дербес деректерінен және Лицензиаттың Бағдарламаға жүктеп салған құжаттарының толық мәтіндерінен басқа мұндай статистиканы жариялау және/немесе үшінші тұлғаларға беру мақсатында статистикалық Бағдарламаға жүктеп салған мәтіндер/құжаттар туралы статистикалық мәліметтерді пайдалану.
3.1.8. Бағдарламаны пайдалануға шектеулерді орнату, соның ішінде: Бағдарламаның жеке функцияларының бар-жоғы, Лицензиаттың Бағдарламаға енгізген деректерінің сақталу мерзімі, бір IP мекенжайдан тіркелген тіркеу жазбаларының максимал саны, тексеру үшін жүктеп салынатын құжаттардың, олардың өңделуі мен тасымалдануының, құжаттарды тексеруге жіберулердің, мәтіндерді тексерулердің және тіркелген бір пайдаланушы орындай алатын өзге әрекеттердің максимал саны, құжаттың максимал өлшемі, көрсетілген уақыт кезеңінде Бағдарламаға жүгінулердің максимал саны, Жүктеп салынатын құжаттардың арнайы параметрлері және т.б. Лицензиар Бағдарламаға автоматты түрде жүгінуге тыйым салып, сонымен қатар автоматты түрде генерацияланған кез келген ақпаратты қабылдауды тоқтата алады (мысалы, тіркеу жазбаларын, мәтіндерді).
3.1.9. Лицензиаттың Бағдарламаға түрлендіру немесе Бағдарламаның Лицензиармен не болмаса осы әрекеттерді орындау үшін қатыстырылған өзге тұлғалармен жұмыс істеу кезіндегі қателерді жою барысында оны тестілеу мақсатындағы мәтіндік құжаттарды қоса алғанда жүктеп салған деректерін пайдалану. Көрсетілген әрекеттерді орындау үшін Лицензиар мұндай деректерді қатыстырылған тұлғаға бере алады.
3.2. Лицензиардың міндеттері:
3.2.1. осы Келісімшартта көрсетілгеннен бақа жағдайларда Бағдарламаға күнделікті тәулік бойы қолжетімділікті ұсыну.
3.2.2. қолданыстағы заңнаманы ескеріп, Лицензиат деректерінің құпиялылығын қамтамасыз ету.
3.2.3. Лицензиаттың Бағдарламаға енгізген деректерінің бүтіндігін осы Келісімшартта көрсетілгеннен басқа жағдайларда Лицензияның әрекет етуі тоқтаған сәттен бастап 6 (Алты) ай бойы қамтамасыз ету.
3.2.4. ақылға қонымды мерзімде Лицензиардың айыбынан туындаған Бағдарлама жұмысындағы ақаулықтарды жою.
3.2.5. мүмкіндігінше түнгі уақыттарда және демалыс күндері профилактикалық жұмыстарды жүргізу.
3.2.6. ақылға қонымды мерзімділікпен Лицензиаттың деректері мен ақпаратын резервтік көшіруді жүзеге асыру.
3.2.7. Лицензиаттың Бағдарламаға жүктеп салған деректерін тиісінше пайдаланбағаны үшін, соның ішінде мұндай деректерді Лицензиар ұсынған үшінші тұлғалардың тиісінше пайдаланбағаны үшін жауапкершілікке тартылу.
3.3. Лицензиаттың міндеттері:
3.3.1. осы Келісімшарта көрсетілген Бағдарламаларды пайдалануға шектеулерді қадағалау;
3.3.2. Лицензиардың сыйақысын, егер осы Келісімшартта мұндай төлем қарастырылған болса, осы Келісімшартта белгіленген көлемде және мерзімдерде төлеу;
3.3.3. Логин және Құпиясөздің құпиялылығын қамтамасыз ету;
3.3.4. Лицензиарды Лицензиаттың өз Логинін және (немесе) Құпиясөзін рұқсат етілмеген түрде пайдаланғаны не болмаса кез келген басқа қауіпсіздікті бұзушылық туралы шұғыл хабардар ету;
3.3.5. Бағдарлама көмегімен өңделетін дербес деректерді қорғау туралы заңды бұзбау.
3.3.6. осы Келісімшарттың өзекті редациясымен үнемі танысып отыру және оның шарттарын қабылдау.
3.4. Лицензиаттың құқықтары:
3.4.1. Бағдарламаны Лицензиаттың және осы Келісімшарттың шарттарына сәйкес пайдалану.
3.4.2. Лицензиардың сайтына және Бағдарламаға, осы Келісімшартта көрсетілгеннен басқа жағдайларда күн сайынғы және тәулік бойына қолжетімділікке ие болу.
3.4.3. Лицензияға төлеуден/авторизациядан өтуден бас тарту арқылы ақылы/авторизациядан өтуді қажет ететін Тарифтер көлемінде Бағдарламаға Лицензияны алуға бас тарту. Мұндай жағдайда Лицензиатқа Бағдарламаның шектеулі функционалына Лицензия ұсынылады.
3.4.4. кез келген уақытта Лицензиарға өз Тіркеу жазбасын және Бағдарламаға енгізілген деректердің барлығын жою туралы сұрату жіберу.
3.5. Бағдарламаны пайдалануды бастау үшін Лицензиат Лицензиар сайтындағы тіркеу нысанын (сауалнаманы) толтырады. Тіркеуді аяқтау барысында Лицензиат Логин және Құпиясөз алады, оны Тараптардың ешбіріне айтуға болмайды.
3.6. Лицензиаттың Логині мен Құпиясөзін пайдалана отырып іске асырылатын әрекеттер Лицензиаттың өзі жасаған әрекет болып есептеледі.
3.7. Лицензиатты Лицензиардың сайтына тіркеу Тіркеу кезеңінің басы болып саналмайды.
3.8. Лицензиатты тіркегеннен кейін Бағдарламаны ақылы/авторизациядан өтуді талап ететін Тарифтер көлемінде іске қосу үшін, осы Келісімшарттың 4.2.-4.4. тармақшаларына сәйкес таңдалынған Тарифті төлеу арқылы Бағдарламаға Лицензияны алу қажет.
3.9. Лицензиар өз қарап шешуі бойынша арнайы шарттарда әрекет ететін Тарифтерді енгізе алады. Арнайы шарттарда әрекет ететін тарифтерді шектеулі мерзімге, мерзімді түрде немесе мерзімсіз енгізіліп, Лицензиардың қарап шешуі бойынша пайдаланушылардың жеке категорияларына таратуға болады. Арнайы шарттарда әрекет ететін Тарифтерді пайдаланудың барлық шарттары келесі мекенжай бойынша Лицензиардың сайтында көрсетілген: https://users.antiplagiat.ru/page/promo. Арнайы шарттарда әрекет ететін Тарифтерге қолжетімділікке ие болу үшін, Лицензиардың https://users.antiplagiat.ru/page/promo мекенжайы бойынша орналасқан сайтында көрсетілген процедураға сәйкес арнайы шарттардағы Бағдарламаның пайдаланушысы ретінде авторизациядан өту қажет.
Авторизациядан өтуді ұсыну мерзімі Тариф шарттарында анықталады. Көрсетілген мерзім аяқталған бойда Лицензиат Лицензиаттың Бағдарламаны пайдаланушысы мәртебесін арнайы шарттарда сақтап қалуын растау мақсатында қайта авторизациядан өтуді сұрату құқығына ие.
3.10. Лицензиатқа ақылы/авторизациядан өтуді қажет ететін Тарифтер көлемінде Лицензияны ұсыну фактісі Лицензиаттың осы Келісімшарттың 2.6-тар. сәйкес Бағдарламаға қолжетімділікті ұсынуымен расталады.
3.10а. Лицензиар 6 (алты) ай және одан артық уақыт ішінде төменде көрсетілген әрекеттердің бірде-бірін жасамаған Лицензиаттарға белсенді емес Клиент мәртебесін орнатады:
3.10а.1. мәтіндік құжатты тексеру;
3.10а.2. мәтіндік құжаттарды жүктеп салу/жүктеп алу, қарау, орнын ауыстыру;
3.10а.3. есепті қарау, өңдеу, жүктеп алу;
3.10а.4. Лицензиатты Логин және Құпиясөз көмегімен Бағдарламада авторизацидан өткізу;
Белсенді емес Клиент мәртебесі оны Лицензиар орнатқан күннен бастап, 3.10а.1.-3.10а.4. тармақшаларында көрсетілген әрекеттердің кез келгенін орындау күніне дейін әрекет етеді.
3.10б. Лицензиар Лицензиаттан күнтізбелік айдың 25-күнінен бастап одан кейінгі күнтізбелік айдың 24-күніне дейін есептелетін белсенді емес Клиент Мәртебесі әрекет ететін әрбір толық ай бойы Жеке кабинетті ұсынғаны және қызмет көрсеткені үшін 100 рубль көлемінде сыйақы алады. Тарифтердің осы тармақта көрсетілген сыйақыны орнату бөлігінде өзгерістер өз күшіне енген бірінші толық емес ай үшін, Жеке кабинетті ұсыну және қызмет көрсету үшін сыйақы толық көлемде алынады. Сыйақыны Лицензиар сыйақы есептелген ай аяқталған бойда алады. Лицензиарда қалған ақша қаражатының қалдығы нөлге тең Лицензиаттардан сыйақы алынбайды.
3.10в. Лицензиат белсенді емес Клиент мәртебесінің әрекетін Лицензиатты Қолдау қызметіне жүгіну немесе Жеке кабинетті пайдалану арқылы 3 (үш) ай мерзімге тоқтатуға құқылы. Осы Келісімшарттың 3.10б тармағында көрсетілген сыйақы, белсенді емес Клиент Мәртебесінің әрекеті тоқтатылған мерзім үшін есептелмейді және алынбайды. Белсенді емес Клиент Мәртебесінің әрекеті айдың 25-күні, оның тоқтатылуының үш айлық мерзімі аяқталғандағы күйі бойынша жаңартылады.
3.11. Лицензиар осы Келісімшартты орындау мақсатында Лицензиат ұсынған ақпаратты (деректерді) ешбір үлгіде тексермейді, кез келген үшінші тұлғалар алдында деректердің нақтылығы мен ақиқаттығы үшін, сондай-ақ Лицензиаттың дербес деректер, авторлық құқықтар туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке ие болмайды.
3.11.а. Лицензиат Бағдарламаға деректерді, соның ішінде мәтіндік құжаттарды жүктей отырып, өзінің оларды Лицензиардың немесе осы Келісімшартта қарастырылған жағдайларда Лицензиардың басқа өкілетті тұлғасының пайдалануымен келісетінін білдіреді.
3.12. Лицензиат техникалық қолдау сұрақтары бойынша Лицензиар Сайтында көрсетілген байланыс ақпараттары бойынша жүгіне алады.

4. Құны. Есептеулер тәртібі

4.1. Ұсынылатын Лицензия құны Тарифтерге сәйкес анықталады.
4.2. Лицензиялық сыйақыны төлеу таңдалған Тарифке сәйкес Тариф сомасынан 100% мөлшерде бір рет жүргізіледі.
4.3. Төлем тәсілдері https://users.antiplagiat.ru/payment/start мекенжайы бойынша Лицензиар сайтында көрсетілген. http://www.robokassa.ru/ru/ немесе https://yookassa.ru/ сервистерін пайдаланып төлем жасауға болады. Осы Келісімшарт бойынша есептеулер ресей рубльдерінде жүзеге асырылады.
4.4. Лицензиардың есеп айырысу шотына ақша қаражаты есепке қосылған күн Лицензиаттың төлем бойынша міндеттерін орындау сәті болып саналады.
4.5. Осы Келісімшартты мерзімінен бұрын жойған жағдайда лицензиялық сыйақы сомасы қайтарылмайды.
4.6. Мерзімінен бұрын төлеген жағдайда Бағдарламаға құқықтар алдыңғы Лицензияның әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін ғана, ал басқа Тарифті төлеген жағдайда, Лицензиар шотына ақша қаражаты түскен күннен бастап беріледі, Лицензиатқа жаңа Лицензияға қолжетімділік беріледі, бұл орайда алдыңғысының әрекет ету мерзімі жаңа Тариф бойынша төленген Есептік кезең аяқталғанға дейін тоқтатылады.
4.7. Төлем жүргізу барысында несие ұйымдары/өзге үшінші тұлғалар алатын комиссиялардың барлығын Төлеуші-тарап төлейді.
4.8. Тарифтерді олардың Лицензиар Сайтында жариялау арқылы өзгерткен жағдайда, төленген кезең үшін лицензиялық сыйақы қайта есептелмейді.

5. Шектеулер

5.1. Лицензиат Бағдарламаны оның функционалдық тағайындалуларын ескерумен, тек жеке/білім алу, ғылыми мақсаттарда пайдалана алады.
5.2. Лицензиат келесі құқықтарға ие емес:
5.2.1. Бағдарламаны жаңғырту, соның ішінде ЭЕМ жадына жазуды жүзеге асыру;
5.2.2. Бағдарламада техникалық шектеулерді айналып өтуге тырысу;
5.2.3. технологияны ашу, бұзу немесе Бағдарламаны қайта құрастыру;
5.2.4. бұл Бағдарламада жұмыс істемейтін қолданбаны шақыру үшін Бағдарлама құрауыштарын пайдалану; Бағдарламаның көшірмесін жасау;
5.2.5. өзге тұлғаларға Бағдарламаны көшіру мүмкіндігін ұсына отырып оны көшірмелеу;
5.2.6. Бағдарламаны прокатқа, жалға немесе уақытша пайдалану үшін беру;
5.2.7. Бағдарламаны коммерциялық негізде желілік қызметтерді ұсыну үшін пайдалану;
5.2.8. Бағдарламаны немесе оның бөлігін осы Келісімшарттың әрекет ету мерзімінен тыс пайдалануды жүзеге асыру;
5.2.9. өзге Лицензиаттардың деректеріне қолжетімділікке ие болу талпыныстарын қолға алу.
5.2.10. Лицензиардың алдын ала жазбаша рұқсатынсыз Бағдарламаға автоматты түрде жүгінулер жасау.
5.3. Осы Келісімшартты жойған жағдайда, Лицензиат шұғыл түрде Бағдарламаны пайдалануды тоқтатуға міндетті.

6. Тараптардың жауапкершілігі

6.1. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
6.2. Бағдарлама «берілген түрде» қағидасы бойынша ұсынылады. Лицензиар Лицензиаттың Бағдарламаны қолданумен, дұрыс емес қолданумен немесе қолдану мүмкін еместігімен тікелей немесе жанама байланысты ықтимал залалдар, жоғалтулар немесе деректердің зақымдануы үшін жауапкершілікке ие болмайды.
6.3. Лицензиардың жауапкершілігі әрқашан Лицензиатқа төленген сомамен шектеледі.
6.4. Лицензиар жауапкершілікке ие болмайды:
6.4.1. Лицензиат (немесе үшінші тұлғалар) өз бетінше Бағдарламаға өзгерістер енгізген немесе мұндай істен шығулар Бағдарламаның жабдықпен немесе Лицензиаттың басқа да бағдарламалық құралымен үйлесімді болмауынан туындаған жағдайда Бағдарламаның жұмысы үшін;
6.4.2. Лицензиаттың Бағдарламаны пайдаланумен байланысты кез келген әрекеттері және Бағдарламаны пайдалану аясында оның құрған құжаттары үшін;
6.4.3. Бағдарламаға қолжетімділіктің болмауы Лицензиаттың әрекеттерімен, Лицензиаттың Интернет желісіне қолжетімділігімен, үшінші тұлғалардың әрекеттерімен, профилактикалық жұмыстарды жүргізумен байланысты болғанда;
6.4.4. Алып пайдаланылатын дереккөзге сияқты Бағдарламамен интернет-сілтемелер (сілтемелер) ұсынылатын интернет-ресурстың (ресурстардың) мазмұны үшін;
6.4.5. Бағдарламамен сілтеме ұсынылатын интернет-ресурстарда вирустардың бар-жоғы үшін және/немесе бағдарламалық құралдың және/немесе Лицензиат жабдығының және/немесе Лицензиаттың берілген интернет-сілтемелер бойынша өтуі салдарынан болған басқа да ақаулары үшін;
6.4.6. бағдарламаны Лицензиат пайдаланып жатқан сәтте Бағдарламамен сілтеме ұсынылатын интернет-ресурстың жұмыс қабілеттілігі үшін.
6.5. Лицензиаттың Бағдарламаны осы Келісімшартта қарастырылмаған тәсілдермен немесе Келісімшарттың әрекеті аяқталған бойда не болмаса осы Келісімшарт бойынша ұсынылған құқықтардан тыс тәсілмен пайдалануы, РФ заңнамасымен орнатылған зияткерлік қызмет нәтижесіне ерекше құқықты, сондай-ақ Лицензиардың осы Келісімшартты біржақты соттан тыс жою және Лицензияны тоқтату құқығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.
6.6. Лицензиар Бағдарламаға қолжетімділікті шектегені үшін жауапкершілікке тартылмайды.
6.7. Лицензиар Бағдарламамен сілтеме ұсынылатын интернет-ресурстың ақпараттың түпдерегі болып табылатынына кепілдік бермейді.

7. Қорытынды ережелер

7.1. Лицензиаттың тіркеу жазбасын жою осы Келісімшарттың әрекетін автоматты түрде тоқтатады.
7.2. Осы Келісімшарт жаңартуларға және Бағдарламаның жаңа нұсқаларына таралады.
7.3. Лицензиар осы Келісімшартқа біржақты тәртіпте өзгертулер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Егер Лицензиат енгізілген өзгертулермен келіспейтін болса, ол Келісімшартты өзгерту сәтінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Бағдарламаны пайдалануды тоқтатып, осы Келісімшартты біржақты тәртіпте жоюға міндетті.
7.4. Лицензиардың реквизиттері мен байланыс деректері осы Келісімшарттың 7.9. тар. көрсетіледі.
7.5. Лицензиаттың байланыс деректері тіркеу нысанын толтыру барысында Бағдарламадағы Жеке кабинетте немесе Тараптар келіскен өзге тәсілдермен көрсетіледі. Лицензиат дұрыс емес (жарамсыз) байланыс деректерінің хабарламаларынан туындайтын тәуекелдерге ие болады.
7.6. Тараптар осы Келісімшарт бойынша олардың арасында туындауы мүмкін даулардың барлығы Лицензиардың орналасқан жері бойынша сотта (жалпы құзырет соты, төрелік сот) қарастырылады деп келісті.
7.7. Сотта дауды шешумен байланысты шығындар негізгі жазаға тартылған Тараптан алынады.
7.8. Тараптар айыпақыларды төлеумен және сот шешімен орындамаумен байланысты басқа да санкцияларды орындау жауапкершілігіне ие болады.
7.9. Тараптар дауды ең қысқа мерзімдерде қарастыру үшін ақылға қонымды шаралардың барлығын қабылдайды және барлық хабарландыруларды, хаттарды, шешімдерді және сот анықтамаларын, сондай-ақ электрондық пошта, интернет, факсимильді хабарлама бойынша, соның ішінде жауапкердің өкіліне талап арызының көшірмелерін және оған қоса берілген құжаттарды, тек жіберу тәсілін тіркеумен табыстау арқылы қарастырылып жатқан іске қатысты өзге құжаттардың барлығын беруге өз келісімін растайды.

Лицензиар: «Антиплагиат» АҚ
121205, Мәскеу қ., «Сколково» инновациялық орталық аумағы, Үлкен бульвар, 42-үй, 1-құр
НМТН 1057747076078
ССН/КПП 7705664677/770501001
Бас директоры: Фунтов В.А.

Жаңарту